Бұл бес күндік жалған
Ештеңе мәңгі емес
Жаныңды сүйіп қалғам
Сендегі тәнді емес
Қағаздың беті — шимай
Ауысады күн мен ай
Арнаймын әр әнімді
Сеннен басқаға қимай
Бұл өмір өтіп кетер
Буындар да ауысар
Қалады осы өлеңдер
Бірақ басқа дауыста
Жаным сен — сол жансың өмірімдегі
Жаным сен — сол жансың көңілімдегі
Жаным сен — қайырлы таңсың
Күн сәтті, тым тәтті
Жаным сен — сол жансың
Ғажайып адамсың
Жақында кел, ғашығым-ай
Ішіңде сақтама, ашығын айт
Өзің көріп тұрсың — жасырылмайды
Қиылған көз, қара қасың ұнайды
Барлық сырыңды көзіңнен көрдім
Ойың тап-таза, жүзіңде күлкі
Әрекеттерім сөзімнен көп
Саған келіп тұрмын, қолымда гүл
Жаным сен — сол жансың өмірімдегі
Жаным сен — сол жансың көңілімдегі
Жаным сен — қайырлы таңсың
Күн сәтті, тым тәтті
Жаным сен — сол жансың
Ғажайып адамсың